Приветственные слова главного редактора журнала «Мектептегі психология – Психология в школе» 

Ақнұр Қайнарқызы ОЛЖАЕВА, «Мектептегі психология – Психология в школе» журналының бас редакторы.

Алматы қаласы.

«Мектептегі психология – Психология в школе» журналы – педагог-психологтардың көмекші құралы

«Мектептегі психология – Психология в школе» журналы – 2006 жылдың қаңтар айынан бастап жарыққа шығып келе жатқан еліміздегі психология саласындағы ғылыми-теориялық және практикалық педагогикалық бағыттағы тұңғыш журнал. Журналдың 1-санына психология ғылымдарының докторы, профессор, академик, қазақтың көрнекті психологы  Құбығұл Бозайұлы Жарықбаев (1929-2021) ақ тілегін арнап, осы журналдың ғылыми редакторы қызметін атқарды. Журналдың редакциялық алқасы еліміздің психология ғылымының аты танымал ғалымдардан құралған. Қазақстан психологтарына аса қажетті бұл журналдың жарыққа шығуы психолог мамандардың жұмысына шама-шарқынша септігін тигізуде. Журнал материалдары тұрақты айдарлар арқылы беріледі. Психологияның теориялық мәселелері, қолданбалы мәселелері, этнопсихология, жоғары білім, халықаралық ынтымақтастық, ресми бет, сын және библиография, хроника, БАҚ беттерінен, біздің күнтізбе, т.б. көптеген айдарлармен іріктелініп, жан-жақты тексерілген, қаралған мақалалар жарияланады. Оқырмандардың ой-пікірлері, мектептегі психолог мамандардың сабақтары, жаттығулары көптеп жарияланады. Болашақта оқырмандарымыздың пікірлерімен санаса отырып, жұмысымыздың мазмұнын байытып, танымдық сипатын арттыра бермекпіз.

PedagogLTD PedagogLTD PedagogLTD PedagogLTD

Все права на данный сайт защищены законами РК. Создание сайта осуществлено в AlmatySite.kz